Қазақстанда мас жүргізушілердің көліктерін тәркілеу ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілердің көліктерін тәркілеу ұсынылды. Бұл жайында бүгін ҚР Бас прокуратурасындағы алқа мәжілісінде айтылды.
None
None

ҚР Бас прокуратурасы төртінші департаментінің басшысы Әсет Шындалиевтің сөзіне қарағанда, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін және куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін санкцияларды теңестіру керек.

«Беларусьтің тәжірибесін зерттеу ұсынылады, яғни осы елде қылмыстық заңнамада көлікті мас күйінде басқарғаны үшін автокөлікті тәркілеу қарастырылған. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, айыппұлдар көлемін қайта қарастыру керек немесе өндіріп алудың баламалы түрлеріне алмастыру қажет, яғни ескерту жасау, жүргізушілік куәлігінен айыру, қамауға алу шаралары»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар