Қазақстанда McDonald's мейрамханалары уақытша қызметін тоқтатты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде McDonald's фас-фуд желісі өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі McDonald's мейрамханалары фискалдық деректер операторында (FDO) техникалық ақау болуына байланысты жабылғанын хабарлаймыз», - делінген компания хабарламасында .
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатыр.
«Біздің жаңалықтарымыз назараңызда болсын, фас-фуд желісі жұмысын қашан бастайтынын міндетті түрде хабарлаймыз», - деп атап өтті McDonald's компаниясының өкілдері.