Қазақстанда «медбике ісін» ЖОО-ларда оқытады - Т.Дүйсенова

«Медициналық колледждерге келетін болсақ: соңғы 3 жылда бізде финдік әріптестер жұмыс істеді. Олар Қазақстанның барлық 64 колледжін аралады. Олар 1 қыркүйектен бастап еуропалық директив стандарттарын енгізеді», - деді Т.Дүйсенова.
Оның айтуынша, медбикелерді оқыту колледжерде ғана емес, жоғары оқу орындарында да өтеді, деп жазады primeminister.kz.
«Енді медбикелердің үш санаты болады. Біріншісі - колледж бітіретін медбикелер күту жұмысымен айналысады. Екіншісі - медициналық көмек көрсететін медбикелер, бакалавриат бітіргендер - медбикелердің жоғары мектебі. Оларды медициналық колледждер дайындайды. Үшіншісі - жоғары оқу орындарында даярланатын әкімшілер. Бұл әлемдік тәжірибе де енгізілетін болады. Бұл дәрігердің кейбір функцияларын медбикелерге тапсыруға мүмкіндік берді», - деді ведомство басшысы.