Қазақстанда медициналық этиканы дамыту бағдарламасы жасалады

«Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен ілтипаттылығын қамтамасыз ету үшін жұртшылықты, білім беру ұйымдарын, кәсіби бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қатыстыра отырып, ұлттық медицина қызметкерлерінің медициналық этикасы мен коммуникативтік дағдыларын дамыту бағдарламасы әзірленеді және енгізіледі», - деп баса айтылған құжатта.
Бұдан өзге, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдерін енгізу мақсатымен құпия аудитті қолдану негізінде ұлттық медициналық қателіктерді есепке алу және талдау жүйесі енгізілетін болады. Сонымен бірге, ішінара қылмыстық жауапкершіліктен әкімшілік және кәсіби жауапкершілікке өтумен, оның ішінде медициналық қызметпен айналысуға лицензиясынан уақытша немесе тұрақты түрде айырумен медициналық персоналдың жауапкершілік жүйесі қайта қаралатын болады. «Клиникалық үдерістерді стандарттау үшін ауруларды диагностикалау мен емдеудің отандық және халықаралық клиникалық нұсқаулықтары, хаттамалары әзірленетін болады», - делінген бағдарлама жобасында.
Сапа стандарттарын енгізу мен тиімділігін мониторинглауды денсаулық сақтау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар, соның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту, медицина ұйымдарын қосымша жарақтандыру, медициналық көмекті қаржыландыруды жақсарту жолымен қамтамасыз ететін болады. Жергілікті сапаны басқару жүйесінің негізі медицина ұйымдарының ішкі аудит қызметтері болады. Олардың қызметі тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесін енгізуге және тәуелсіз медициналық сарапшылар институтын қатыстыра отырып клиникалық үдерістердің тұрақты аудитін жүргізуге құрылған.