Қазақстанда Медициналық кадрлар ресурсының обсерваториясы құрылады

деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ректоры Бақытжан Сексенбаев pm.kz сайтына берген сұхбатында.
"Президент медициналық және фармацевтикалық кадрлар жасақтау жөніндегі нақты тапсырма берді, осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Кадрлық ресурстар обсерваториясын құру шараларын анықтап отыр", - деді Б.Сексенбаев.
Бұл институт медициналық және фармацевтикалық кадрларға сұранысты зерттеу мақсатында құрылуда.
«Кадрлар обсерваториясы медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, себебі денсаулық сақтау жүйесінде жыл сайын күрделі өзгертулер орын алып жатады. Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін және тәжірибе жүргізуші дәрігерлерді даярлау ісін жақсарту және олардың біліктіліктерін жетілдірумен айналысу керек», - деді ректор өз сөзінде.
Б.Сексенбаевтың айтуынша, елімізде екі тәуелсіз тестілеу орталығын құру қажет, бұл орталықтар түлектердің, медициналық оқу орындары тыңдаушыларының білім деңгейін объективті анықтауға және оларға өз біліктіліктерін қуаттауларына мүмкіндік береді.
«Мұндай орталықтарды Астанада және Қарағандыда құру жоспарлануда. Және басқа 6 медициналық институттың базасында осы орталықтардың бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Ол жерлерге тәуелсіз сарапшылар комиссиясы барып, емтихан қабылдайтын болады», - деп түйіндеді өз сөзін ол.