Қазақстанда медициналық сақтандырудың алғашқы жүйесі неге іске аспай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова Қазақстанда 90-жылдары қолға алынған алғашқы медициналық сақтандыру жүйесінің не себепті іске аспай қалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда медициналық сақтандырудың алғашқы жүйесі неге іске аспай қалды

«Әрине, осы жолы медициналық сақтандырудың алғашқы жүйесі кезіндегі қателіктерді қайталамауымыз қажет. Қателіктер жайында айтар болсақ, ол кезде салтанатты түрде көп уәделер берілді. Ал соның барлығын іске асыруға қаржы да болған жоқ. Былайша айтқанда, табыс пен шығыстың тепе-теңдігі болмады. Әлі есімде, 96-98-ші жылдары мен өзім қаржы министрлігінде жұмыс істедім. Сол кезде зейнетақы да дұрыс берілген жоқ. Мемлекеттің берешегі бірнеше айға дейін созылды. Осыған байланысты жергілікті биліктің уәделері орындалған жоқ. Қорға табыс та түспеді. Бұдан бөлек, қордың тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер жетік болмады. Енді, осының бәрін ескеру керек. Сосын әрбір адам үшін жарнаның толығымен жиналғаны жақсы. Қордың табысы көп болса, адам өзіне қажетті медициналық көмекті де ала алады», - дейді Бахмутова.

Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 2019 жылдан бастап жұмысшылар өз жалақысының 1 пайызын қорға аударады. 2020 жылда аталған көрсеткіш 2 пайызға дейін көтеріледі. Ал жұмыс берушілердің жарнасы 2017 жылдың екінші жартысында төлене бастайды. Бас кезінде ол 1 пайызды құраса, 2022 жылға қарай 3 пайызға дейін көтеріледі.  Жаңа жүйеге стоматологиялық қызметтер кірмейді .