Қазақстанда медициналық жедел жәрдем көліктерін жаңғырту аясында GPS-навигация жүйесі енгізілуде

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Жедел жәрдем көліктерін аталған құрылғылармен жабдықтау қызмет көрсету сапасы мен жеделдігін қамтамасыз ететіндігін атап өткен министр: «Жүйені енгізу шынайы уақыт режімінде санитарлық автокөліктің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шақырту түскен мекен-жайға тақау тұрған жедел медициналық көмек бригадасын қысқа мерзімді бағыттаға мүмкіндік береді», - деді.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, жергілік бюджет есебінен қаржыландырылатын жедел медициналық қызметке бөлінген ақша ағымдағы жылы 27,9 пайызға өскен. «Дегенмен бұл қызметтің қаржыландырылуында теңсіздік орын алуда. Мәселен, Алматыда бір шақыру 6 996 мың теңгенің құраса, Қостанай облысында не-бәрі 2534 теңге», - деді ол.