Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі заңмен бекітілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай депутаты Дана Медеуованың бастамасымен «Медицина қызметкерінің кәсіби мәртебесі — ұлттық қауіпсіздік факторы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Профессиональный статус медработников – в интересах укрепления здоровья и повышения качества жизни граждан
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Іс-шара «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі және қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасымен жұмыс аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қорғалуын нығайту түптеп келгенде медициналық көмектің сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын сақтауға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Профессиональный статус медработников – в интересах укрепления здоровья и повышения качества жизни граждан
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Жиынға Құрылтай депутаттарымен қатар Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Әділет вице-министрі Даниель Ваисов, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың, медициналық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Профессиональный статус медработников – в интересах укрепления здоровья и повышения качества жизни граждан
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бұл бастаманы салалық министрлік қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы реттеу шараларында медицина қызметкерлерінің нақты құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтық және физикалық қорғалу тетіктері, кәсіби жауапкершіліктің айқын шекаралары, лайықты еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктері ескерілуі қажет.

Профессиональный статус медработников – в интересах укрепления здоровья и повышения качества жизни граждан
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Өз кезегінде С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарова медицина кадрларын даярлау мәселесін жеке бағыт ретінде атап өтті.

— Мықты дәрігер мықты медициналық білім беру жүйесінен басталады. Сондықтан медицина қызметкерін қорғау медициналық университет қабырғасынан, яғни даярлық сапасынан, оқытушыға лайықты еңбек жағдайын жасаудан, заманауи клиникалық базадан және жас маманның түсінікті кәсіби траекториясынан басталуы керек, — деді Диляра Қайдарова.

Ұлттық медициналық қауымдастықтың президенті Салтанат Мамырова медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін айқындау кезінде медициналық кәсібиліктің халықаралық қағидаттарын ескеруді ұсынды.

Профессиональный статус медработников – в интересах укрепления здоровья и повышения качества жизни граждан
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Ал «SENIM» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Кәкенов медициналық инциденттер туындаған жағдайда дәрігерлерді қорғау мәселесіне назар аударып, «әділетті мәдениет» қағидатын бекітуді ұсынды.

Медицина қызметкерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасының бастамашысы, депутат Дана Медеуова жоғарыда айтылған барлық мәселе құжатпен жұмыс істеудің негізіне айналатынын атап өтті.

«Медицина қызметкерінің кәсіби мәртебесі – ұлттық қауіпсіздік факторы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

— Осы аптада жария етілген депутаттық сауалда біз дәрігердің кәсіби мәртебесі мәселесін биологиялық және ұлттық қауіпсіздіктің шарты ретінде көтердік. Бұл ретте аталған жұмыстың түпкі мақсаты — ең алдымен азаматтарымыздың мүддесі, атап айтқанда, олардың денсаулығын сақтау және нығайту. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне және оларды қорғауға қажетті жағдай жасай отырып, біз ең алдымен сапалы медициналық көмек көрсетуге және адамдардың денсаулығын сақтауға ықпал ететін боламыз. Бүгін біз мемлекеттік органдар, медициналық ұйымдар, жоғары оқу орындары және кәсіби қауымдастық өкілдерінің ұстанымдарын тыңдадық. Заң жобасын әзірлеу барысында барлық сындарлы ұсыныс ескерілетін болады. Қабылданатын шешімдердің азаматтардың мүддесіне қызмет етіп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуі біз үшін маңызды, — деді Дана Медеуова.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша түскен ұсыныстар мен ұсынымдар жинақталып, жұмыс тобының қарауына ұсынылады.

Профессиональный статус медработников – в интересах укрепления здоровья и повышения качества жизни граждан
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда дәрігерлер көзіне тас кірген науқастың көру қабілетін сақтап қалғанын жазғанбыз.