Қазақстанда мемлекеттік аудиторларды дайындау жүйесі құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік аудиторларды дайындау жүйесі құрылады. Бұл туралы «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин айтты.
None
None

"Біз есеп комитеті қызметкерлерінің сапалы құрамын орталық және жергілікті деңгейде зерделедік. Өкінішке орай нəтижесінде бізде сертификатталған мемлекеттік аудиторлардың жоқ екендігі белгілі болды. Мен бұл жайында Мемлекет басшысына баяндаған болатынмын. Өз кезегінде Президент мемлекеттік аудиторларды дайындау жүйесін құру жұмыстарын бастауды тапсырды. Бұл жұмыстар қазір қолға алынды. Заң ("Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы") қабылданған мерзімге дейін мемлекеттік аудиторларды дайындау жүйесі құрылады" - деді ол.

Оның атап өтуінше, есеп комитетінің жұмысы да дамыған елдердегі ұқсас ұйымдарға сəйкестендіріледі. Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер əзірленуде.

Соңғы жаңалықтар