Қазақстанда Мемлекеттік білім жинақ жүйесі енгізіледі - ҚР БҒМ

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі қаржы жинақтау арқылы білім алуға қаржылай қолдау көрсетудің жаңа қосымша әдісі ретінде халыққа ұсынылып отыр, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі Pm.kz сайтынан.
None
None

Мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі мемлекеттік білім гранттарымен және екінші деңгейлі банктер мемлекеттің кепілдігімен беретін білім несиелерімен қатар жұмыс істейтін болады.

Бұл шара еліміздің әр азаматына өз балаларын оқытуға қаржы жинақтау мүмкіндігін береді. Бұл жинақтың үстіне мемлекет тарапынан сыйақы түрінде қаржы үстемеленіп отырады. Мектепті аяқтағаннан кейін түлек жоғары оқу орнына түсу үшін аталған жинақты білім алуға жұмсай алады. Сондай-ақ егер жинағы бар бала келешекте мемлекеттік грантқа түсіп кетсе, оның қаржысы сақталатын болады.

«Ата-ана (салушы) баласының атына (салымшы) екінші деңгейді банкте білім жинақ салымын (депозит) ашады. Бастапқы салымның көлемін 3 АЕК (2011 жылы - 4536 теңге) құрайды. Одан кейінгі жарналардың көлемі мен мерзімділігін салушының өзі анықтайды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір Мемлекеттік білім жинақ жүйесінің заңнамалық базасын жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар