Қазақстанда мемлекеттік шенеуніктердің «А» корпусы құрылады

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы әкімшілік реформалар аясында мемлекеттік қызметкерлердің «А» корпусы құрылатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы жиында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде ондай жүйе дамыған мемлекеттер де бар. «А» корпусы жоғары санатты «каста» іспеттес. Оған кіретін мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби дайындығы үздік болуы шарт. Аталған «топ» басқарушы әкімшілік лауазымдарды атқарады. Олар сан алуан саяси өзгерістерге қарамастан, өз қызметтерін ауыстырмайды», - дейді Б.Әбдірасылов. Академия басшысы атап көрсеткендей,  онымен қоса, «саяси» санаттағы мемлекеттік қызметкерлер болады. Олардың қатарына министрлер, вице-министрлер, әкімдер мен әкім орынбасарлары кіреді. «Осы санаттағы мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқартылатын болады. Әрине, «А» корпусына негізгі басымдық берілмек. Себебі ол барлық әкімшілік реформаларды жүзеге асыруы тиіс», - дейді Б.Әбдірасылов.

Соңғы жаңалықтар