Қазақстанда мемлекеттік тіл саясатын жаңа инновациялық жолға қоятын «Әлеуметтік-лингвистикалық ғылыми зерттеу орталығы» ашылуы мүмкін

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры қамқоршылық кеңесінің отырысында Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Қазақстанда мемлекеттік тіл саясатын жаңа инновациялық жолға қоятын «Әлеуметтік-лингвистикалық ғылыми зерттеу орталығын» ашу жөнінде пікір білдірді,

Қазақстанда мемлекеттік тіл саясатын жаңа инновациялық жолға қоятын «Әлеуметтік-лингвистикалық ғылыми зерттеу орталығы» ашылуы мүмкін

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өткеніндей, қазақ тіліндегі түрлі бағдарламаларды орналастыру, жүйелеу ісі жаңа технологияларға сай, ғылыми тұрғыда сарапталуы қажет.

«Қазіргі уақытта елімізде тіл білімін зерттейтін арнайы институттар баршылық. Дегенмен, ол институттарда мемлекеттік тілді дамытудың инновациялық технологиялар жүйесін, әдісін жетілдіре түсуге тиіспіз.

Соған орай, мемлекеттік тіл саясатын қазіргі заман талабына сай, ғылыми сараптай алатын әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулермен айналысатын «Әлеуметтік-лингвистикалық ғылыми зерттеу орталығын» ашуды ұсынамыз», деді Қ.Саудабаев.