Қазақстанда мемлекеттік тілді үйренемін деген адамға барлық жағдай жасалған - Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммед

  Қазақстанда мемлекеттік тілді үйренемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы биыл аяқталады. Сондықтан да,  келесі жылы осы бағыттағы жаңа бағдарлама жасауға кірістік. Жалпы алғанда мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесі де үнемі жетілдіріліп келеді. Ағымдағы жылы 8 сөздік жарық көрді. Мемлекеттік қызметкердің тілдік портфелі шығарылды, онда 19 аталым, электронды-аудио-бейне оқулықтар, грамматикалық анықтамалықтар мен оқу сөздіктері жинақталған. Жалпы, мемлекеттік тілді үйренемін деген адамға Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Оқулық та, оқу-үйрену құралдары да, әдістемелік нұсқаулық та, сөздіктер де жүздеген мың таралыммен шығарылды. Ендеше тіл білемін деген адамға ықылас болса болды, қалғаны жеткілікті қамтылған. Тіпті қоғамдық өмірдің түрлі салалары бойынша арнайы тілашарларды да шығаруға кірістік», деді М. Құл-Мұхаммед. 

Оның айтуынша, биылдың өзінде ғана оншақты қазақша-орысша тілашар жарық көрген. Өзге тілді азаматтарға мемлекеттік тілді оқытудың үздік әдістемесін жасауға байқау жарияланған. «Бұл байқау бойынша 30-ға жуық жоба келіп түсті. Келесі жылы осы жоба бойынша үздік деп танылғандар мол таралыммен шығатын болады», деді министр.  

Соңғы жаңалықтар