Қазақстанда менингококк инфекциясын жұқтыру 2 есе азайды

«Қазақстанда жұқпалы аурулардың басым бөлігі бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты және бақылауда. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 ауру бойынша төмендеуге қол жеткізілді. Оның ішінде А вирустық гепатиті бойынша - 2,5 есе, жұқпалы паротит бойынша - 2,5 есе, менингококк жұқпасы бойынша - 49,4 пайыз, сальмонелез - 30 пайыз және тыныс алу органдары туберкулезі 10 пайыз төмендеді»,- деді ол.
Оның айтуынша, елімізде менингококк жұқпасына қатысты ахуал тұрақты. Республика аумағында мұнда жұқпаға душар болғандардың бірен-саран дерегі ғана тіркеліп жатады.
«Жылдың басынан бері еліміздің 12 өңірінде менингококк жұпқасының нақтыланған 48 дерегі тіркелді. Ал бүгінгі күні эпидемияға қарсы барлық шаралар жүргілізіп жатыр. Толықтай алғанда, жағдай тұрақты және менингококк жұпқасына шалдығу деңгейі биыл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе төмен»,- деді ол.