Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты 8 наурыз және Наурыз мейрамдары қарсаңында бірнеше бағыттар бойынша қосымша пойыздар ұйымдастырылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Жолаушылар тасымалы» ХАА сілтеме жасап.
«Астана-Шымкент» Астанадан 7, 20 және 24 наурыз күндері шығады. Кері 8, 25 және 25 наурыз күндері қайтады. 3 рейс.
«Алматы-Арыс» Алматыдан 9, 23 наурыз күндері шығады. Кері 10, 24 наурыз күндері қайтады. 2 рейс.
«Астана-Павлодар» Астанадан 7, 20 наурыз күндері шығады. Кері 8, 21 наурыз күндері қайтады. 2 рейс.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қол жеткізілген келісімдерге сәйкес 18 наурызда №1/2 «Алматы-Ташкент» пойызы аптасына үш мәрте қатынайды. (аптасына 2 мәрте қатынаудың орнына)
Туризмді жандандыру мақсатында 1 сәуірден бастап №251/252 «Самарқанд-Астана Нұрлы жол» бағытындағы халықаралық пойызы іске қосылады. Аталған пойыз аптасына бір рет сейсенбі күндері Астанадан шығып, жексенбіде Самарқандтан кері қайтады.