Қазақстанда метапневмовирусты емдейтін дәрі бар ма — ДСМ жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев елімізде метапневмовирусқа шалдыққан науқастар қалай емделетінін айтты.

Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды – министрлік
Фото: freepik

Оның айтуынша, метапневмовирустың арнайы дәрісі болмайды. 

— Бұл вирусқа ғана қолданылатын нақты дәрі болмайды. Емдеу ісі симптомдарға сай жүргізіледі: ыстық түсіруге, иммунитетті көтеруге арналған дәрілер беріледі. Осылай ғана емделеді, — дейді вице-министр ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Ержан Нұрлыбаев ондай дәрілердің елде тапшылығы жоқтығын атап өтті. 

— Жіті респираторлық вирустық инфекция кезінде қолданылатын дәрілер Қазақстанда жеткілікті. Жаңағы айтып отырған метапневмавирус осы санатқа жатады, — деді ол.

Айта кетейік, жуырда еліміздегі метапневмовирус індетінің таралуына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова түсінік берген болатын

Сондай-ақ, метапневмовирус және оның негізгі белгілері туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар