Қазақстанда мезгілінде төленбеген салық 81,3 млрд. теңгені құрайды - Б.Жәмішев

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда мезгілінде төленбеген салық 81,3 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.

Қазақстанда мезгілінде төленбеген салық 81,3 млрд. теңгені құрайды - Б.Жәмішев

«2012 жылдың ішінде мерзімінде төленбеген салықтарды қысқарту және оның өсіміне жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілді. Қорытындысында мерзімінде төленбеген салықтар 142,9 млрд. теңгеге төмендеді және 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 81,3 млрд. теңгені құрады», - деді министр.

Б.Жәмішевтің атап өтуінше, қазіргі уақытта мерзімінде төленбеген қарыздарды одан әрі төмендетуге қажетті резерв бар. «Өйткені оның 40,5 пайызы өндіріп алу мүмкіндігі жоғалған, мерзімінде төленбеген салықтарға тиесілі. Олар бойынша материалдар жалған кәсіпкерлік белгілерінің болуына орай құқық қорғау органдарына берілген», - деді ол.