Қазақстанда MNP қызметін енгізу бастамасы ұялы байланыс операторлары тарапынан қарсылық тудырды

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда Mobile Number Portability (MNP) қызметін енгізу бастамасы ұялы байланыс операторлары тарапынан қарсылық тудырды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов айтты.

Қазақстанда MNP қызметін енгізу бастамасы ұялы байланыс операторлары тарапынан қарсылық тудырды

Айта кетейік, MNP байланыс операторын ауыстыру кезінде абонентке ұялы телефон нөмірін өзгертпеуге мүмкіндік береді.

Б. Қуандықовтың сөзінше, бұл қызметті енгізу, өз кезегінде байланыс операторлары арасында бәсекелестікті арттыруға оңтайлы болмақ, сондай-ақ қызмет бағасын төмендетуге және саладағы сапаны арттыруға ықпал етеді.

«Қазір біз бұл мәселені қарастырудамыз және жақын арада шешімін жасаймыз. Әрине, K-cell компаниясы секілді ірі операторлар тарапынан белгілі бір қарсылық бар. Олар осы монополиялық жағдайымен клиенттерді өздеріне байлап отыр»,-деп түйді агенттік басшысы.