Қазақстанда мобильді байланыстың енуі әлемдік орташа көрсеткіштен 2 еседей жоғары

АЛМАТЫ. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Эриксон компаниясының мәліметіне қарағанда, мобильді байланыстың енуі қазір әлемде 90 пайызды құрайды.

Қазақстанда мобильді байланыстың енуі әлемдік орташа көрсеткіштен 2 еседей жоғары

Beeline Қазақстан компаниясының бас директоры Тарас Пархоменко бүгін Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті.

«Мобильді байланыстың енуінің жалпы халыққа шаққандағы орташа көрсеткіші Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде 130 пайызды құраса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 170 пайызға жуықтады. Қазіргі таңда әлемде мобильді байланыстың 6,4 млрд. қолданушысы бар. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысына қарағанда, оның 1,8 миллиарды байланыс құралы ретінде смартфонды пайдаланады. Бұл болашақты айқындайтын тренд болып отыр», - дейді Т. Пархоменко. Оның айтуынша, адамдар қазір дәстүрлі байланыс қызметінен мәліметтерді беру қызметіне көшуде. Сондықтан олардың үлесі Эриксонның болжамына сүйенер болсақ, 2018 жылы 12 есе өспек. Қазақстанда ол жылына 2 есеге артуда.