Қазақстанда мобильді қоғам қалыптастыру қажет - саясаттанушы Қалиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Талғат Қалиев сенатор Әли Бектаевтың «Туған жер» бағдаламасы арқылы халықтың ауылдан қалаға көшуін тоқтату керек» деген пікірімен келіспейді.
None
None

Оның айтуынша, урбанизацияны тоқтату мүмкін емес. Онсыз бәсекелестік төмендейді, экономикалық өсім тежеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Урбанизация- бұл табиғи үдеріс. Оны тоқтата алмайсың. Сосын бәсекелестік деген мәселе тағы бар. Адам қалада білім алғаннан кейін жұмыс таппаса, бірден ауылға көше салмайды ғой. Оның бойында алғырлық болса, ол өзіне қажетті жұмысты басқа қаладан таба алады. Жалпы, адам бір жерге байланбауы қажет. Әйтпесе, ол бір жердеп отырып, «жұмыс жоқ» деп қол қусырып отыра береді. Ондай психологиядан құтылу қажет. Сананы жаңғыртудың бірден-бір мақсаты да сол. Жалпы, халық мобильді, яғни бір-бірімен аралас-құралас болған сайын, оның ынтымақ-бірлігі де артады. Ал, ең бастысы, қоғам кәдімгідей тірі әрі белсенді организмге айналады»,- деді Қалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік,«Ауыл» партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев "Туған жер" бағдарламасы арқылы урбанизацияны тоқтатуды ұсынып отыр. "Урбанизацияға көп адам табиғи нәрсе ретінде қарайды.Негізінде, біз урбанизация дегенді тоқтатуымыз қажет. Менің ең үлкен үмітім,осы бағдарлама ауылдың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, ел сол жерден көшпейтіндей жағдай туғызады деп ойлаймын. Олай болса, біз сол ауылдың тұрғындарына жағдай жасауымыз қажет, ауылда еңбек ететін жағдай жасауымыз қажет, ауылда жақсы білім алатын мүмкіндік беруіміз керек. Президент ұсынған бағдарламаның түпкі мақсаты осы болады деп ойлаймын", - деді Бектаев бүгін эфирге шыққан "1 студия" бағдарламасында .

 

Соңғы жаңалықтар