Қазақстанда мотор майын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Энергетика министрлігі, «Атамекен» ҰКП және «Қазақтелеком» АҚ-мен (Бірыңғай оператор) бірлесіп мотор майларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.

моторное масло
Фото: Энергомин

Пилоттық жобаға нарықтың бүкіл қатысушыларын – өндірушілер мен импорттаушылардан бастап көтерме-бөлшек сауда сегментіндегі компанияларды қосу жоспарланған. 

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты:

- мотор майы нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
- тұтынушылар үшін мотор майының шығу тегі туралы ақпараттың айқындығы мен сенімділігін жақсарту;
- өнім айналымын бақылау және контрафактілік өніммен күресу тиімділігін арттыру;
- отандық өндірісті дамытуға және мотор майлары саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
- ЕАЭО-дағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі кедергілерді жою.

"Өндірушілерді, импорттаушыларды, дистрибьютерлерді, логистикалық компанияларды, көтерме және бөлшек сатушыларды пилоттық жобаға қатысуға шақырамыз. Жобаға қатысу сіздің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігіңізді көрсетуге және нарықтағы беделіңізді нағайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз контрафакті өнімімен күресуге және өз бизнесіңіздің мүддесін қорғауға үлес қоса аласыз" деп мәлімдеді ведомстводан.

Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі туралы толық ақпаратты 8 800 080 6565 нөмірінен алуға болады. 

Соңғы жаңалықтар