Қазақстанда мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы
Астана қаласы 2016 жылғы 6 қаңтар №2
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тар - мағының 9-12) тармақшасына жəне 7-бабы 5-2) тармақшасына жəне «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сəйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сəйкес «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мəліметтердің болуы туралы мəліметтер» əкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сəйкес «Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мəліметтер» əкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тəртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Е.БІРТАНОВ
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушы Б.Иманəлиев
2016 жылғы 8 қаңтар
ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 ақпанда №13027 болып тіркелді.