Қазақстанда мультимодальды «Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізін» құру бойынша жоба басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізі» Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк ағынын 2030 жылы 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтады.
None
None

Бұл туралы «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті дамыту мақсатында, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасында қаралғандай, республикалық маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары қайта жаңғыртылатын болады. Оларда ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған. 2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар шамамен 41 млрд. теңгені құрайтын болады, ал ол республикалық маңыздағы автожолдардың бүкіл жүйесін ұстауға жағдай жасайды», - деп нақтылады Елбасы.

«Қазақстанды халықаралық көліктік-коммуникациялық ағындарға интеграциялау мақсатында мультимодальды «Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізін» құру бойынша жоба басталды. Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді, жүк жеткізу құнын 2 еседен астамға төмендетеді. Қазақстандық маршруттарға қосымша жүк ағындарын тарту көліктің барлық түрлерімен транзиттік тасымалды 2020 жылы қазіргі 18 млн. тоннадан 33 млн.тоннаға дейін және 2030 жылы 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтады», - деп жазады Президент.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының сөзі бойынша, контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік реттеуден босату таяудағы 5 жылда олардың көлемін 500 мың тоннадан астамға ұлғайтуға жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар