Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардарға арналған ««Қолжетімді карта» жобасы бастау алды

Жобаға «Сорос - Қазақстан Қорының» қаржылық қолдауымен «Аржан» ҚҚ бастамашы болып отыр.
Қол жеткізу мүмкіндігі картасында мүмкіндігі шектеулі жандардың өздері, ешкімнің көмегінсіз бара алатын, қалалық саябақ немесе жергілікті әкімдік сияқты кез келген орынға жете алу дәрежесі туралы ақпарат болады.
"Қазақстандық қоғамда мұндай картаның пайда болатын кезі әлдеқашан келіп жетті. Бұл карта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көптеген қоғамдық орындарға жету мүмкіндігіне ие бола алатын «алтын кілт» болар еді. Карта мүгедек жандарға туған қаласының, сондай-ақ республикамыздың басқа да қалаларының қай жеріне өз беттерімен бара алатыны, қандай жерлерде өзгелердің көмегі қажет болатыны, ал қай жеріне мүлдем жете алмайтыны туралы анық түсінік алуға мүмкіндік береді",-дейді жобаның үйлестірушісі Инна Епифанцева.
Оның айтуынша, жоба үш айға есептелген. "Осы кезеңде қаладағы нысандар туралы ақпараттар жиналады. Барлық деректер arzhan.kz веб-торабында орналастырылады",-деді ол.
Жобаны жасаушылар оған еліміздің барлық еріктілерін қатысуға шақырып отыр. Оларға кемтар адамдар жете алатын орындарды тексеріп, өзіндік сипаттама беру, болмаса біреудің өтініші бойынша сол жерді тексеру ұсынылады. Жобаға кез келген адам ерікті түрде қатыса алады. Жоба бастамашылары мейлінше көбірек қалалар мен қоғамдық маңызы бар нысандарды қамтуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде «Аржан» қоғамдық қоры 44 мың мүгедек жан тұрып жатқан Алматы қаласының кейбір демалыс орындарына жету мүмкіндігін зерттеп үлгерген.