Қазақстанда мұнай эквивалентімен алғанда жылына 35 млрд. тонна отын ресурсы өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жылына мұнай эквивалентімен алғанда 35 млрд. тонна отын ресурсы өндіріледі. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Транзиттік дәлізді дамыту - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік кілті» атты Энергетикалық хартия конференциясында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
None
None

«Мол энергетикалық ресурстарға және энергетикалық салада халықаралық қарым-қатынаста зор тәжірибесі бар Қазақстан ірі энергетикалық ағындар қиылысында тұр. Бізде еліміз көмірдің, уранның, мұнайдың және табиғи газдың бірегей қоры, гидроэнергетикалық және жаңаратын энергия көздері де бар», - деді ол.

В.Школьниктің атап өтуінше, Қазақстанда өндірілетін базалық отын ресустары, яғни мұнай, уран, газ, көмірдің жиынтық көлемі мұнай эквивланетімен алған кезде жылына шамамен 35 млрд. тоннаны құрайды.

«Ағымдағы жылдың бастапқы энергия ресурустарын өндіру көлемі 400 млн. тоннаға жетіп жығылады. Бұған қоса, біздің ішкі тұтыну көлеміміз - шамамен 60 млн. тонна. Сондықтан, ел энергияға бай әрі әлемнің көптеген мемлекеттеріне энергия экспорттаушы болып табылады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар