Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді іздеу АЛАШ жүйесі арқылы жүзеге асырылады

Мәжіліс Қазақстандағы Шелл Төрағасы Данкан ван Бергеннің төрағалық етуімен, PSA, КПО Б.В., Би Джи, Аджип Қарашығанақ Б.В., NCOC, ҚМГ-өнімдері, Интергаз ОА және басқа компаниялардың топ-менеджментінің қатысуымен өтті. Атап айтқанда, мұнай-газ компаниялары үшін АЛАШ - жеткізушілердің жаңа деректер базасын (портал) енгізу, Ұлыбританиямен инвестициялық қарым-қатынастарды дамыту бойынша әрі қарайғы қадамдар жөніндегі жоспарлар, «алғашқы тендерлер» механизмін енгізу және оның жұмыс істеуі, жер қойнауын пайдалану саласындағы сатып алуларды құқықтық реттеу, Ғылыми-технологиялық дамудың жол картасын іске асыру мәселелері және қауымдастық мүшелерінің ғылыми-зерттеу қызметтерінің нұсқалары және басқа да мәселелер талқыланды.
2016 жылғы ақпаннан бастап ТШО, КПО және НСОС үш ірі жобасының операторлары АЛАШ жүйесінің көмегімен тапсырыс беруші ұсынатын критерийлерге сәйкестігі бағаланатын тауарлар мен қызметтерді іздеу бойынша жұмыстарды (қайтадан квалификациялау) жүргізе алады деп күтілуде.