Қазақстанда мұнай-газ саласындағы сатып алулар барысында заң бұзушылық артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы мұнай-газ саласындағы сатып алулар барысындағы заң бұзушылықтар 162 млрд. теңгеге артып отыр. Бұл туралы бүгін «Мұнай және газ: Қазақстандық қамту-2014» форумы барысында «Келісімшарт агенттігі» филиалының директоры Жан Нұрбеков мәлім етті.
None
None

«Сатып алу ережесінде бұзушылықтарға тоқталар босақ, 2012 жылы 2,7 трлн. теңгеден небәрі 0,7 пайыз, яғни 18,3 млрд. теңгеге бұзушылықтар орын алған еді. Ал 2013 жылы біз сатып алулардағы бұзушылықтардың айтарлықтай өскендігін, нақты айтқанда 162 млрд. теңгеге жеткенін көріп отырмыз», - деді ол. Оның атап өтуінше, кең тараған бұзушылықтардың бірі сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізудің орындалуы мүмкін емес шарттарын қою болып отыр. Мәселен, компаниялардың бірі құрал-жабдықтарды жеткізу мерзімін байқау өткеннен кейінгі 1 күн ішіне белгілеген. Ал CNPC компаниясы әртүрлі мақсаттағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ірілендірілген лотпен сатып алуды әдетке айналдырған. Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, кейбір компаниялар өздерінің хабарландыруларының жалпы тізбесін жария етпейді де. Ал кейбірі орындалған қызметтердің төлемдерін дер уақытында жүргізбейді. «Қызметтер орындалғаннан кейін 1 жылдың ішінде төлем жасауға уәде беретін де компаниялар бар», - деді Нұрбеков.

Соңғы жаңалықтар