Қазақстанда мұнай өндірісі 7,8% артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылдың қаңтар-мамырында 32,185 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,8 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда мұнай өндірісі 7,8% артты

Есептік кезеңде газ конденсаты 5,501 млн тонна (былтырғыдан 1,7 процентке аз), табиғи газ - 23,883 млрд текше метр (+9,1 процент), көмір - 46,98 млн тонна (+4 процент), темір рудалары - 17,252 млн тонна (+11,1 процент), жез рудалары - 41,367 млн тонна (+3,5 процент), құрамында алтыны бар рудалар 8,637 млн тонна (+13,8 процент), хром қоспасы - 1,916 млн тонна (+5,8 процент) көлемінде өндірілді.