Қазақстанда мұнай өндіру деңгейін сақтау үшін жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу оңтайландырылады

АСТАНА. ҚазАқпара - Қазақстанда мұнай өндіру деңгейін сақтау үшін жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды оңтайландыру бойынша шаралар наурыздың соңына дейін қабылданады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

Қазақстанда мұнай өндіру деңгейін сақтау үшін жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу оңтайландырылады

2015 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты өндіруші компаниялар шығыстарды қысқарту бойынша шараларды қабылдағанына тоқталған министр: «Дегенмен де қазіргі кезде Үкіметтің экономикалық блогымен бірлесе негізгі өндіруші кәсіпорындардың ахуалына қаржылық талдау жүргізілуде. Мұнай өндіру деңгейін сақтауға және осы компаниялардың әлеуметтік міндеттемелері орындалуы үшін наурыздың аяғына дейін салық салуды оңтайландыру, ағымдағы инвестициялық шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданады», - деді.

Сонымен қатар ол жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізілуі мүмкіндігін атап өтті.