Қазақстанда мұнайдың экспорттық баж салығы тоннасына 60 долларға дейін төмендетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнайдың экспорттық баж салығы тоннасына 60 долларға дейін төмендетіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысынан кейін БАҚ өілдеріне Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Қазақстанда мұнайдың экспорттық баж салығы тоннасына 60 долларға дейін төмендетіледі

«Экспорттық баж салығы бюджет түзетілімімен бірге төмендетілетін болады. Біздің есептеулерімізге сәйкес, экспорттық баж салығы тоннасына 60 долларға дейін төмендетіледі. Парламент бюджетті қабылдағаннан кейін төмендейді», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, бұл жұмыс келесі апта ішінде толығымен аяқталатын болады.