Қазақстанда нақты табыс қыркүйек айында 2,6%-ға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2017 жылдың қыркүйек айында 79 391 теңгені құрады деп  хабарлайды, ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда нақты табыс қыркүйек айында 2,6%-ға төмендеді

Есепті кезеңде халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2016 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда шартты түрде 4,3 %-ға ұлғайған, ал нақты көрсеткіші 2,6 %-ға төмендеген.

Ағымдағы жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша бір жұмысшының  орташа айлық жалақысы 149 917 теңгені құрады.