Қазақстанда найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді - 6 маусымдағы ауа райы болжамы
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - 6 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша атмосфералық ағындардың ықпалында болып, соның салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Республиканың батысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі тау өзендерінің көпшілігінде су деңгейі құьбылады, Батыс Алтайдың (ШҚО) бірқатар өзендерінде су шығыны ұлғаяды. Алматы облысының бірқатар өзендерінде су тасқыны қалыптасуы күтіледі. Қазақстанның жазық аумақтарында гидрологиялық режімде айтарлықтай өзгерістер болмайды деп күтілуде.