Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар өсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар өсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар өсуде

Комитеттің мәліметінше, 2017 жылы еліміздің экономикасына 8 770,6 млрд теңге қаражат жұмсалған, бұл 2016 жылғы деңгейден 5,8% - ға көп. 

Сондай-ақ,2017 жылы машиналар, жабдықтар, көлік құралдар, саймандарды алуға және олардың күрделі жөндеуіне 2694,6 млрд теңге бағытталған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға жоғары.
«Инвестициялау үшін басым салалар кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (33,8%), көлік және қоймалау (14,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12,9%) және өндеу өнеркәсібі (10,9%) болып табылады», - делінген хабарламада.