17:57, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстанда Норвегия елшілігі ашылады
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін сегіз елдің елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Норвегия Корольдігі Елшілігінің ашылуын қолдайтынын айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам екенін жеткізген Президент, «биылғы жылға жоспарланып отырған Крон-ханзада Хокон мен Сыртқы істер министрінің Астанаға сапарлары саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықта маңызды серпін береді деген пікірдемін», деді.
Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейінгі брифингте Норвегия Елшісі Даг Малмер Халворсен аталған мәртебелі қонақ көктем айының соңына қарай елшіліктің ашылуына қатысатынын айтты.