Қазақстанда нотариустардың қызметі бойынша жаңа бақылау тізімі бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM — Әділет министрінің 2026 жылғы 6 мамырдағы бұйрығымен 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімі бекітілді.

Қазақстанда нотариустардың қызметі бойынша жаңа бақылау тізімі бекітілді
Фото: Uztag.info

— Осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттеріндегі нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін, — делінген құжатта.

Жалпы тізімге Астана қаласынан — 9, Алматыдан — 14, Шымкенттен — 1, Ақтөбе облысынан — 4, Алматы облысынан — 1, Атырау облысынан — 2, Жамбыл облысынан — 5, Павлодар облысынан — 1, Түркістан облысынан — 5, Қызылорда облысынан — 2, Батыс Қазақстан облысынан — 1, Шығыс Қазақстан облысынан — 1 және Ұлытау облысынан — 1 жеке нотариус енгізілген.

Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адвокаттық және нотариалдық қызметті лицензиялау ережелеріне өзгерістер енгізген болатын.