13:04, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстанда өлім-жітімді азайту мәселелерімен айналысатын өңірлік штабтар құрылады
АНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда қан айналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді және ана мен сәби өлімін азайту мәселелерімен айналысатын өңірлік штабтар құрылады.
«Ана мен бала өлімін, қан айналым ауруларынан болатын өлімді азайту мәселесін қарастырдық. Осы мәселе бойынша өңірлік штабтар құру туралы шешім қабылдадым», - деп жазды Twitter-дегі жеке парақшасына ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов.
Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдың бірінші тоқсанында республикада сәбилердің өлім-жітімі 15 пайызға, ана өлімі 30 пайызға азайды.