Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 800 млрд. теңгені құрады

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 800 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі Pm.kz сайтына.
None
None

«Агроөнеркәсіптік кешеннің тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 800 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды, өндірістің нақты көлемінің индексі 101-102% құрады», делінген ведомство хабарламасында.

Оның ішінде, өңделген сүт өндірісінің көлемі -111,2 тоннаны, күріш - 87,5 тоннаны, макарон - 122,6 тоннаны, шоколад - 83,7 тоннаны, маргарин - 39,7 тоннаны, шұжық - 30,9 тоннаны құрады.

Соңғы жаңалықтар