Қазақстанда өндіруші сала қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстанда өндіруші сала қызметінің ашықтығы бастамасын ( ӨСҚАБ - EITI ) іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңеске ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушы ? кәсіпорындардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасында ӨСҚАБ іске асыру жөніндегі мүдделі тараптардың Ұлттық кеңесінің мүшелері Премьер-Министрге Бастаманы енгізу және оны жетілдіруге байланысты қажетті шаралар аясында Қазақстанда валидация үдерісінің барысы туралы хабарлады.Атап айтқанда, кеңеске қатысушылар өндіруші компаниялардың ӨСҚАБ қосылудың нормативтік тәртібінің еріктілігі немесе міндеттілігі мәселелерін, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттағы міндеттемелерін іске асыру барысында бірқатар арнайы салықтық, әлеуметтік төлемдер мен салымдар бойынша қосымша ақпараттарды ашудың мүмкіндіктерін талқылады. Ұлттық кеңес мүшелері мен ҮЕҰ өкілдері Қазақстанда ӨСҚАБ алға жылжытудағы ҚР Үкіметінің жоғары қызығушылығының арқасында айтарлықтай алға басу байқалып отырғанын, сондай-ақ, бұл EITI Халықаралық хатшылығының тарапынан да айырықша аталып өткеніне тоқталды.Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшыларына ҮЕҰ бірлесіп, 2010 жылы ӨСҚАБ енгізу аясында Қазақстанда валидация үдерісін аяқтауға қатысты барлық мәселелерді пысықтауды, сондай-ақ, Бастаманы іске асыруға жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуын кеңейту бөлігі бойынша ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлар кеңесінің алдағы отырысына ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар