Қазақстанда өнеркәсіп өнімдері 19 пайызға қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындар өнімдерінің бағасы 2018 жылдың желтоқсан айында оның алдыңғы аймен салыстырғанда 6,2% төмендеді. Ал 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19% өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2018 жылдың басынан бері қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіруші-кәсіпорындардың бағасы 8,8% өсті, тау-кен саласында 16,3% қымбаттады. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің құны 12,9% артты, өнеркәсіп бағытындағы қызметтер 6,7% өсті.
Аталған мерзімде дизель отыны 26,2%, табиғи газ 15%, көмір 10,7%, металл рудалары 2,2%, мұнай 1,5%, мазут 20,5% бензин 1,8% қымбаттап, сұйытылған пропан мен бутан 7,7% қымбаттап кетті.
Ферроқорытпалар 24%, қаратметалдар прокаты 15,4%, алюминий 3,8%, мыс 1,5% қымбаттап, цинк 4,8%, қорғасын 12% арзандаған.
Өнім өндірушілер арасында күріш 22,4%, құс еті - 14,5%, мал еті - 3,6 пайыз, қарабидай ұны 9,7%, бидай ұны 6,7%, шай бағасы 8,9%, өсімдік майы 8,3%, қант 5,2%, сүт өнімдері 2,7%, жармалар - 1,5 %, нан - 1,3% қымбаттады.