Қазақстанда өнеркәсіптегі ең жоғары айлық 1,2 млн теңге болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тау-кен саласының жұмысшылары айына шамамен 400 мың теңге жалақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда өнеркәсіптегі ең жоғары айлық 1,2 млн теңге болды

«2019 жылдың алғашқы тоқсанында өнеркәсіп саласындағы жұмысшылардың орташа номиналды айлығы 243,8 мың теңге болып, бір жылда 9,2 пайызға өскен. Сектордағы айлық еңбекақы бойынша сатып алу мүмкіндігінің инфляциясын есепке алсақ өсім 4 пайызды көрсеткен. Ең жоғарғы айлық - тау-кен саласындағы өнеркәсіп жұмысшыларында. Бұл сегменттің қызметкерлері айына орташа есеппен 401,1 мың теңге (жылдық +9,5 пайыздық өсіммен) табады», - делінген зерттеу мәліметінде.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы орташа статистикалық жұмысшының айлығы біршама төмен - 189,2 мың теңге. Электрмен қамту саласындағы жұмысшылар айына 157,4 мың теңгеге жуық алса, сумен қамту секторының жұмысшыларының айлығы 118,1 мың теңге көлемінде.

Тау-кен саласындағы айтарлықтай жоғары еңбекақыны мұнай мен табиғи газ саласында жұмыс істейтін қызметкерлер алады. Олардың айлығы шамамен 785,2 мың теңге. Бұл республикадағы орташа айлықтан (168,5 мың теңге) 4,7 есеге көп.

Екінші орында тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызмет көрсетуші персонал тұр. Олар шамамен айына 421,9 мың теңге алады. Айлық жағынан алдыңғы орындағы мамандық иелерінің үштігін 281 мың теңгемен көмір мен лигнит өндіру саласының жұмысшылары түйіндеді.

Ең үлкен айлық - Батыс Қазақстан облысының тау-кен саласындағы мамандарында. Бірінші тоқсан бойынша ондағы кей мамандар айына 1,2 миллион теңге айлық алған. Бұл көрсеткіш - елдегі  жұмысшылардың орташа айлығынан 7,1 есеге артық.

Екінші орын Нұр-Сұлтан қаласында: елордада жұмыста жүрген тау-кен саласының қызметкерлері шамамен айына 1,1 млн теңге (жылдық өсімі 8,1 пайызы) алады. Үштікке сондай-ақ Атырау облысы еніп отыр. Ол өңірде сектордағы жұмысшылар 920, 2 мың теңге алып, бір жылда 14,3 пайыздық өсімді көрсеткен.