Қазақстанда оралмандардың келу талаптарын жеңілдету көзделген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда оралмандардың тарихи отанына келу талаптарын жеңілдету көзделген. Бұл туралы сейсенбі күні республиканың Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлады Trend.az.

Қазақстанда оралмандардың келу талаптарын жеңілдету көзделген

«Бұл үшін, біріншіден, этникалық қазақтардың Қазақстанға кіру талаптарын жеңілдетіп, оралмандар тұрып жатқан жердегі Қазақстанның елшіліктерінде және өздігінен тарихи отанына оралғандарға олар келген аймақта толық ақпаратты ұсыну қажет», - деді Тамара Дүйсенова.

Оның сөзіне қарағанда, этникалық қазақтарға қоныстанған өлкесіне қарамастан оралман статусын беру қарастырылған. Алайда олар бұл үшін міндетті түрде ықтияр хат алуы керек.

«Этникалық қазақтар, шетелдік азаматтарға қарағанда, көші-қон полициясына барып, табысын растайтын құжатты көрсетпей-ақ, азаматтықты алуға өтініш білдіре алады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, оралмандардың Қазақстан азаматтығын алу мерзімін бір жылға дейін қысқарту керектігін айтты. Этникалық қазақтар оралман статусын алғаннан-ақ ҚР азаматтығын алуға құжаттарын тапсыруға міндетті.

Төртіншіден, еңбек ресурстарына зәру аймақтарға көшуі жағдайында этникалық қазақтарға әлеуметтік пакет ұсынуды қарастыру.

«5 жыл тұрмай, аймақтан көшкен жағдайда баспана жергілікті билік органдарының коммуналдық жекеменшігіне қайтарылады», - деді Дүйсенова.

Оның сөзіне қарағанда, көші-қон саясатын жетілдіру бойынша ұсынылып отырған шаралар республикадағы тұрғындар санының өсуіне әкеледі.