Қазақстанда органикалық өнім өндірушілер реестрі жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда комитет мүшелері «Органикалық өнім өндіру туралы» заң жобасын талқылады. Заң жобасы Елбасының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталады. Құжатқа Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған болатын.
None
None

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттігін айтып, экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруды тапсырған болатын. «Осыған орай, заң жобасы елімізде органикалық өнім өндіруді дамыту үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға, табиғи ресурстарды сақтауға, тамақ өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталады. Бұдан бөлек, қазақстандық сапалы, экологиялық таза азықтық өнімдердің экспортын ұлғайту шаралары көзделеді. Сонымен қатар органикалық өнім өндіру саласында қайта құрылатын уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар өкілеттіктер беріліп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, тұтынушылар құқығын қорғау шараларын қамтиды. Сонымен бірге, заң жобасының ережелерімен органикалық өнім өндірушілер реестрін жүргізу қарастырылады», - деді Мәжіліс депутаты Төлеген Ибраев. Жалпы заң жобасының мақсаты органикалық өнім өндіруді дамыту үшін жағдай жасау, табиғат ресурстарын сақтау, топырақты, суды, ауаны қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқарудың, биоәралуандылықты қолдаудың орнықты жүйелерін пайдалану болып табылады. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстанда органикалық егін шаруашылығы үшін 300 мың гектар жер пайдаланылады. Дегенмен, Қазақстанда органикалық өнімдер үлесіне елдегі барлық тұтынылатын өнімнің шамамен 0,1 пайызы келеді. Сонымен қатар Қазақстан сертификатталған органикалық жерлер бойынша өңірде бірінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар