Қазақстанда орман материалдары қымбаттап, линолеум арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрылыс саласындағы бағалар 2017 жылғы қыркүйекте 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,6%-ке қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасы 3,9%-ке, машина және құрылғылар 1,9%-ке, өзге жұмыстар мен шығындар 3,8%-ке қымбаттаған. Құрылыс ұйымдары сатып алатын материалдардың, детальдар мен конструкциялардың бағасы 2,9%-ке өскен.
Портландцемент 9,7%-ке, битум 7,7%-ке, орман материалдары 4,1%-ке, қиыршық тас 3,6%-ке, табақ шыны 3,1%-ке, бояу мен эмаль 2,8%-ке, құм 1,8%-ке, құбыр 1,6%-ке, кірпіш 0,8%-ке қымбаттаған.
Ал линолеум 6,2%-ке арзандаған, сондай-ақ гипстің бағасы 4,6%-ке, пластмассадан жасалған құрылыс өнімдерінің бағасы 3%-ке төмендеген.