Қазақстанда орманшылардың жалақысы артатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар Мәжіліс қабырғасында талқыға түсті. Депутаттар жұмыс тобы аясында тұжырымдамалық тұрғыдан, құқықтық реттеу, редакциялық сипаттағы түзетулер енгізді. Соның ішінде қосымша шығындарды қажет ететін ұсыныстардың кейбіреулері Республикалық бюджеттік комиссияда қаралып, ішінара қолдау тапты. Атап айтқанда, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға көбейтуге Үкімет келісім беріп отыр»,-деді А. Мырзахметов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Бұдан бөлек, А.Мырзахметов ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруға жұртшылықты тарту мақсатында табиғат қорғау мекемелері жанынан Үйлестіру кеңесін құру туралы нормаларын қабылдауды ұсынды.

Бұдан бөлек, ол халық қалаулыларының назарын экологиялық туризмнің дамуын тежеп отырған әкімшілік кедергілерін жоюға аударды.

«Ұлттық парктердің аумағында экологиялық туризмді дамыту және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін турагенттер болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың алдымен лицензиялар алуы бойынша талапты алып тастау ұсынылып отыр», - деді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Соңғы жаңалықтар