Қазақстанда өрт оқиғалары 11 пайызға артты
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен жылы республика бойынша 17 мыңға жуық өрт оқиғасы болды.
Бұл 2011 жылмен салыстырғанда, 11 пайызға көп. Бұл туралы бүгінгі Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Данаев мәлім етті.
«Мемлекеттік орман қоры аумағында болған өрттің саны 666-ға дейін жетіп, 43 пайызға өсті. Сол сияқты көлік құралдарында болатын өрт оқиғалары 16 жиілеп кетті. Өкінішке орай, өрттің 70 пайызы тұрғын үй секторында болады. Оның саны 9 пайызға артты», - дейді Д.Данаев.