Қазақстанда Орталық Азиядағы тұңғыш мамандандырылған сценарийлік агенттік құрылды

АЛМАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Киносценарийшілер туралы толық ақпарат ұсынылған ашық үлгідегі мамандандырылған сценарийлік агенттік әзіргі таңда ТМД елдерінде жоқ.

Қазақстанда Орталық Азиядағы тұңғыш мамандандырылған сценарийлік агенттік құрылды
«Бүгін Алматыда жаңадан құрылған Lumiere сценарийлік агенттігінің басшылары осылай мәлімдеді. «Lumiere - қазіргі таңда Орталық Азиядағы алғашқы әрі бірден-бір мамандандырылған сценарийлік агенттік. Біздің мақсатымыз - киносценарийшілердің кәсіби деңгейін арттыру үшін кинодраматургия шеберлерінің басын біріктіру арқылы барлық кинематографиялық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға септігімізді тигізу», - дейді агенттік төрағасы Жайық Сыздықов. Оның айтуынша, Ресейдегі агенттік кәсіпқойлармен жұмыс жасайды. Ал қазақстандық агенттік ашықтықты басшылыққа алады, әуесқой сценарийшілермен де бірлесіп жұмыс жасамақ. Сондай-ақ олардың құқығын қорғайтын болады.