Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы 116 768 теңгені құрады
«Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы наурызға 107,3 пайызды, ал нақты жалақы индексі 101 пайызды құрады. Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 246,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 224,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде 211,5 мың теңге көлемінде белгіленді», - делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 53,9 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 53,8 пайызға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында тіркелді - 223,9 мың теңге, ол орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 75,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,6 пайызға төмен.