Қазақстанда өсудің қуатты серпіні сақталуда- БҰҰ ЭСКАТО

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда экономикалық өсудің қуатты серпіні сақталуда. Дейтұрғанмен, ел экономикасын әртараптандыру, оның ішінде Индустрияландыру бағдарламасын әрі қарай жалғастыру бойынша қадамдар жасау керек,
None
None

деп атап көрсетілген БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхит елдері үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) бір жылдық шолуында. Бұл ақпарат pm.kz сайтында жарияланды

Шолуға сүйенсек, Қазақстанның экономикалық өсімі жоғары деңгейде қалып отыр: 2011 жылы - 7,5 пайыз (2010 жылы - 7 пайыз болған).

«Мұнайға және шикізаттарға деген орнықты сыртқы сұраныс, сондай-ақ ішкі ахуалдың жақсаруы, соның ішінде нақты жалақының өсуі, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және Үкімет тарапынан қарастырылған тұрақты инвестициялар - экономиканың өсуіне сеп болды»,- деп атап көрсетіледі құжатта.

Оған қоса, 2011 жылы астықтың мол болуы да ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуіне қолдау болды.

2012 жылы ЖІӨ өсімі қамтамасыз етіледі, және оған мұнай мен кен өндіру секторларындағы жақсы қаржыландырылып отырған инвестициялық жобалар да үлес қосады.

«Мемлекеттік шығыстар негізінен әлеуметтік қамту және білім беру салаларына артып отыр»,- делінген шолуда.

ЭСКАТО шолуында сонымен қатар, бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізу және орнықты өсу үшін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты арттыру үшін Қазақстан экономикасын әртараптандыру қажеттілігі атап көрсетіледі.

«Өнеркәсіптік дамудың бесжылдық үкіметтік жоспары ( ҮИИД бағдарламасы - ред.) ел экономикасының шикізаттық тауарларға деген тәуелділігін азайтуға бағытталып отыр. Еңбек өнімділігін арттыруды, кадрларды даярлауға және инфрақұрылымдарды жаңғыртуға инвестициялар салудың арқасында нәтижеге қол жеткізуге болады»,- делінген ЭСКАТО ұйымының шолуында.

БҰҰ-ның Тыных мұхит, Азия елдеріне арналған комиссиясы бүгінде 60 мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсімін зерттеп келеді. Бүгінде бұл құрылым мемлекеттерге шолу жасаумен қатар, олардың дағдарысты еңсерудегі іс-әрекеттерін де сараптауда. Осы ретте халықаралық сарапшылар елімізде жүзеге асырылып жатқан Үдемелі индустриалық-инновациялық бағдарламаға жоғары бағаларын берді.

Соңғы жаңалықтар