Қазақстанда осы кезде 3 145 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 7 қазан күнгі мәліметтер бойынша коронавирустан 3145 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 74 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда осы кезде 3 145 адам коронавирустан емделіп жатыр

Ондағы мәліметтерге қарағанда, еліміздің стационарларында 1 882 науқас жатыр. 1 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 89 адамның денсаулық жағдай нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.