Қазақстанда осы уақытта 22 511 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта 22 511адам короновирус инфекциясынан (10 312 КВИ+ және 12 199 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда осы уақытта 22 511 адам коронавирустан емделіп жатыр

Ондағы ақпараттарға қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 4 846 адам стационарда, 17 665 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Ем қабылдап жатқан 262 адамның жағдайы ауыр, 55 адамның денсаулық жағдай өте ауыр, 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.